Skip to content

2026 жылдың 31наурыз күні «Айшуақ» санаториялық бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде…

2026 жылдың 31наурыз күні «Айшуақ» санаториялық бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Creative Kids» – табиғи қалдықтарға жаңа өмір беру, «Эко – Өнер шығармашылық шеберхана» жобасын жүзеге асыру бойынша презентациясы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру және табиғи құралдарды тиімді пайдалануға үйрету болды.
«Creative Kids» – табиғи қалдықтарға жаңа өмір беру, «Эко – Өнер шығармашылық шеберхана» барысында тәрбиеленушілер табиғи қалдықтарды пайдалана отырып, түрлі қолөнер бұйымдарын жасады. Балалар өз қиялдарын еркін көрсетіп, ерекше композициялар мен шағын өнер туындыларын құрастырды.

Іс-шара барысында педагогтер экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғау және қайта өңдеудің маңызы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Балалар белсенді қатысып, өз жұмыстарын үлкен қызығушылықпен қорғады.

Шеберхана нәтижесінде тәрбиеленушілердің шығармашылық ойлау қабілеті дамып, табиғатқа деген сүйіспеншілігі арта түсті.

Осындай іс-шаралар арқылы балаларға экологиялық тәрбие беру жалғасын табады.