«Айшуақ» санаториялық бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Консультативтік пункт балалардың ата-аналарына білім беру және тәрбиелеу мәселелеріне консультация жане педагогика-психологиялық көмек ұсыну бойынша
АҚПАРЛАМА
Ашық есік күні – ата-аналармен жұмыс түрінің бірі. Ол ата-аналарға мектепке дейінгі білім беру мекемесімен, оның дәстүрлерімен, ережелерімен, оқу-тәрбие процесінің міндеттерімен танысуға мүмкіндік береді.
Бұл іс-шараның мақсаты ата-аналар мен педагогтермен арасында сенімді қарым-қатынас орнату, балаларды бірлесіп тәрбиелеу міндеттерін анықтау және оларды Қазақстан Республикасы мемлекеттік білім беру стандартын енгізу жағдайында жүзеге асыру болып табылады.
2024 жылдың 5 сәуір күні бөбекжайда «Ашық есік күні» өтті.
Ашық есік күні туралы ата-аналарды мектепке дейінгі аумаққа кіре берістегі қабырғаларда түрлі-түсті хабарландыру, сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру мекемесінің ресми сайтындағы шақыру арқылы алдын ала хабардар еттік.
Іс-шараның жоспары құрылып, барлық топтарда ата-аналарға көрнекі ақпараттар берілді.
Мамандар – ата-аналардың өтініші бойынша кеңестер мен әңгімелер: логопед Тәнірбергенова А.Е. ата-аналарды түзету және дамыту ойындарымен таныстырды. Салыкова А.К. қазақ тілі мұғалімі ата-аналарға сұхбат жүргізді. Психолог Болатбаева А.С. ата-аналармен психогимнастика өткізді. Барлық жас топтарының тәрбиешілері өз топтарында тікелей оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізді.
Бөбекжайдағы ашық есік күні ата-аналарға күн тәртібі, тамақтану, бос уақытты ұйымдастыру туралы ақпарат алуға мүмкіндік берген іс-шара болды.
Педагогтер ұжымы ата-аналарға бөбекжайда баланың дамуы мен денсаулығын нығайту үшін қауіпсіз, педагогикалық сауатты және психологиялық қолайлы жағдай жасалғанын көрсетуге ұмтылды.
Ашық есік күнін өткізу бөбекжайымыздың ата-аналар мен жұртшылық үшін ашық болуына мүмкіндік берді. Ашық есік күні соңында ата-аналар бөбекжай туралы пікірлер мен ұсыныстар жазуға шақырылды. Ал ата-аналар бөбекжайда өткен күн туралы тек жағымды пікірлер қалдырды.
2024 жылдың 05 сәуір күні «Ашық есік күні!» болатыны туралы Instagram, фейсбук желіcінде хабарлама беріліп, 05 сәуір күні бөбекжаймен қамтылмаған балаларға арналған консультативтік пункт жұмысы бойынша ашық есік күні өтті.













KZ
